«Қала көлігімен 2013 жылғы қаңтар-қазанда (жүк автокөліктері бар және сауда тасымалдарымен айналасатын жеке тұлғалардың және көліктік емес ұйымдардың жүк тасымалдау көлемін қоса бағалағанда) 97 217,6 мың тонна жүк тасымалданды, осыған орай жалпы жүк айналымы 5 494,2 млн. тонна шақырым құрады», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, жеке кәсіпкерлермен жүзеге асырылатын тасымалдауларды қосқанда, қала автокөліктерімен 2013 жылғы қаңтар-қазанда 1 607,1 млн. жолаушы, оның ішінде қаланың көлік кәсіпорындарымен — 281,5 млн.адам (17,5%), жеке кәсіпкерлермен — 1 325,6 млн. адам (82,5%) тасымалданды.