Ол шараға құқық қорғау органдарының 2,5 мыңнан аса қызметкері, Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері қатыстырылып отыр, делінген жұмада астаналық ішкі істер департаментінен таралған ақпаратта.
Бұл күндері Астанада полиция нарядтарының саны ұлғайтылған, көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында патруль ұйымдастырылған, деді полициядан.
Ұрланған көліктерді табу мақсатында гараж орындар тексерілетін болады.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері есірткі заттарын тасымалдау және өткізу каналдарын анықтау жұмысына зейін қоймақ, қараусыз балаларды анықтаумен айналасады, қайыр тілеп жүрген тұлғаларды ұстайтын болады.
Шара барысында заңсыз қару сақтаған азаматтарды әшкерелеуші іс-қимылдар жүргізілмек.
Қазақстанда 16-17 желтоқсан күндері Тәуелсіздік күні атап өтіледі.