Астанада төрт сауда үйі мен бір тұрғын үйде апат салдарынан үзіліп қалған су қамтамасыздығы қайта қалпына келтірілді
Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Астанада төрт сауда үйі мен бір тұрғын үйде апат салдарынан үзіліп қалған су қамтамасыздығы қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
16 қыркүйек күнгі 18 сағаттағы жағдаймен жөндеу қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, су қамтамасыздығы қалпына келтірілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанадағы Жангелдин көшесінде 15 қыркүйекте сағат 17.05-те диаметрі 100 мм-лік су құбырының жарылуы салдарынан "Әлем", "Ажар", "Аймақ", "Аймақтау" сауда үйлері; орталық ескі базар мен Қошқарбаев көшесінің тұрғындары су қамтамасыздығынан қағылды.
Су жеткізілді. Төтенше жағдайды жоюға "АстанаСуАрнасы" ҚКК-ның 10 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін