Астанада тұмауға қарсы тегін вакцинамен тек "тәуекел тобындағы" балалар ғана қамтамасыз етілетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада тұмауға қарсы тегін вакцинамен тек "тәуекел тобындағы" балалар ғана қамтамасыз етілетін болады

Астанада тұмауға қарсы тегін вакцинамен тек "тәуекел тобындағы" балалар ғана қамтамасыз етілетін болады

Астана. 28-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада тұмауға қарсы тегін вакцинамен тек "тәуекел тобындағы" балалар ғана қамтамасыз етілетін болады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі астананың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне сілтеме жасай отырып.

  • 29 Қазан 2007
  • 619
Фото - Caravan.kz

Департаменттің ақпараттарына сүйенсек, тегін вакцина тек аумақтық емханалардың есебінде тұрған, таныс алу жолдары ауырған балалар мен балалар үйіндегі, арнаулы мектеп-интернаттардағы балаларға ғана беріледі.

Департаменттегілердің хабарлауынша, жергілікті бюджеттің бөлген қаржысына 7 мың 200 доза вакцина сатып алынған. Сонымен қатар, жергілікті бюджет қаржысы есебінен алынған вакцинамен медицина қызметкерлері мен қарттар үйінің контингенті қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар департаменттегілер тұмауға қарсы иммунизация міндетті профилактикалық екпе жұмыстарының ұлттық күнтізбесіне кірмейтіндігін еске сала кетті, сондықтан да басқа санаттағы азаматтар үшін вакцина сатып алуға республикалық бюджеттен қаржы бөлінбейді.

Департамент тұмаудың асқынуына жол бермеу үшін тұрғындардың барлығына Астанада жұмыс істейтін 14 кабинеттердің бірінен қазан-қараша айларында вакцина егу процедурасын өтуге кеңес береді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті