Астанада Түркиялық бір топ заңсыз еңбек мигранттары ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.52
  • 553.75
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Түркиялық бір топ заңсыз еңбек мигранттары ұсталды

Астанада Түркиялық бір топ заңсыз еңбек мигранттары ұсталды

Бүгін, 27-сәуірде Астаналық тәртіп сақшылары кезекті рейд нәтижесінде Түркиядан келген 23 заңсыз еңбек мигранттарын ұстады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 27 Сәуiр 2005
  • 463
Фото - Caravan.kz

Астана қалалық ІІББ көші-қон полициясы басқармасының бастығы Сиражиддин Сұлтановтың хабарлауынша, мигранттар Қазақстан аумағында екі апта бойы заңсыз болған.

Ұсталғандардың барлығы да Астана орталығында тұрғын үй кешенін салып жатқан «Хоризон дэш тиджарет отомотив иншаат лимитед ширети» атты мердігер-фирмада жалдамалы жұмыс істеген көрінеді. С.Сұлтановтың айтуынша, ұсталғандардың бір бөлігінде Қазақстанда болуға рұқсат беретін мерзімі өтіп кеткен жұмысшы визалары болса, екінші бір бөлігі республика аумағында жұмыс істеуге құқық бермейтін іскерлік визамен келген.
С.Сұлтановтың айтуынша, жұмыс беруші де, заңсыз мигранттар да «әкімшілік жауапкершілікке тартылады». Ұсталған жұмысшылар ел аумағынан қудаланады деп күтілуде. С.Сұлтановтың айтуынша, Астана қалалық сотында бүгін ұсталған кейбір мигранттарға қатысты сот процессі басталды.