Атышулы «Азбука жильяның» кеңсесінің алдында наразылық білдірген үлескерлер уәде етілген үйлерінің биыл бітетіне сенбейді. Оның үстіне компания кеңселерін жауып, дүние-мүлкін жинап, дереу штатын қысқартып жатыр. Әзірше, басшылығына қатысты «ақша жымқыру және өзгенің қаржысын талан таражға» салу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ, компанияның есеп-шоты бұғатталмапты. Жарнамаға сеніп алданған 4 мың салымшы болса, компанияға 40 миллиард теңгесін санап берген екен. Тек жаңа пәтер түгілі оның іргетасы да қаланбаған. Тақырға отырған жұрт «Азбука жильяның» экс-депутатқа тиесілі екенін айтады. Ал күллі елге аты шыққан компания сасатын емес. Инвестор табылған жағдайда үйлерді 2017 жылы бітіреміз дейді.
Ермек Тасболатов, үлескер:
-Халықтың ыза боп отырғаны — бұлар қашан тояды? Жеу деген қашан тоқтайды? Түсіней тұрмын.Ұрлап қашып кеткендердің барлығы үлкен жерде деп отыр. Біреуі депутат анау-мынау деген сияқты. Қанша халықтың обалына қалып отырып барлығы оңбайды, оңбайды бәрібір.
Айнұр Ғафурова, үлескер:
-Тамыз айы басталды, ештеңе шешіліп жатқан жоқ. Не себептен? Қанша ақшалары, күндіз түні адамдар, бала шағамыздың болашағы үшін салып отырмыз ғой? Масқара ғой. Бізді бала құсап алдап кетті.