Астанада үлескерлерді тентіреткен тағы бір кәсіпкердің қолына кісен салынды
Астанада үлескерлерді алдап соққан кәсіпкерлер шетінен тұтқындалып жатыр. Бүгін Елордада «Капитал строй сервис» серіктестігінің құрылтайшысы әрі директоры Дмитриенконың қолына кісен салынды. |
Изоляторға қамалған құрылыс компаниясының басшысы «Гранитный» тұрғынүй кешенінің 44 үлескеріне тиесілі 222 миллион теңгені ұрлады деп айыпталып жатыр. Бұл тұтқындалған алғашқы бизнесмен емес. Бұған дейін мыңдаған адамды тентіреткен «Шейх Каз Инвест», «Әл-Баракат» және "Азбука жилья"-ның директорларына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Алғашқы екеуі қамауда отырса, экс-мәжілісмен Ерканат Тайжановқа халықаралық іздеу жарияланды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін