Астанада ҰҚК-нің қызметкерін өлтіруге қатысы бар деген күдікпен Республикалық Гвардияның әскерилері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ҰҚК-нің қызметкерін өлтіруге қатысы бар деген күдікпен Республикалық Гвардияның әскерилері ұсталды

Астанада ҰҚК-нің қызметкерін өлтіруге қатысы бар деген күдікпен Республикалық Гвардияның әскерилері ұсталды

Астана қалалық ІІББ-ның қызметкерлері Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің қызметкерін өлтіріп, оның көлігін иемденіп алды деген күдікпен екі адамды тұтқындады. Бұл туралы бүгін, 13-қазанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында Астана қалалық ІІББ-ның қылмыстық полиция басқармасының бастығы Андрей Чепурин хабарлады.

  • 13 Қазан 2003
  • 378
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 7-қазанда Көктал ауылына таяу жерде арқасынан оқ тиіп мерт болған адамның мәйіті табылған. Соңынан белгілі болғанындай, кісі қолынан мерт болған 33 жастағы Астана тұрғыны ҚР ҰҚК-нің прапорщигі көрінеді.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қазан айының 4-нен 5-не қараған түні ҰҚК-нің қызметкері «Ауди-100» маркалы өз көлігімен үйінен шығып кеткендігі анықталды. Кенесары даңғылының бойында көлікке екі еркек отырып, өздерін бір жерге жеткізіп тастауды өтінеді. Бұдан кейін адам аяғы сирек жүретін жерге барған әлгілер жүргізушіні өлтіріп, көліктің мемлекеттік номерін өзгертіп, мәйіттен құтылғаннан кейін көлікті жеке меншік техникалық қызмет станцияларының біріне жеткізеді. Қылмыскерлер бір оқпанды аңшы мылтығымен қаруланған екен.
10-қазанда күдіктілер қолға түсті. Олардың екеуі де Республикалық Гвардияның 0112 санды әскери бөлімінде шарт бойынша әскери борышын өтеушілер болып шықты. Сондай-ақ, бөлшектеп сату үшін аталмыш көлікке тапсырыс беруші болуы мүмкін деген күдікпен тағы бір Астана тұрғыны қолға түсті. Полиция сонымен бірге техникалық қызмет станциясы қызметкерлерінің аталмыш қылмысқа қатыстылығын да тексеру үстінде.
Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әрбір күдіктінің қылмысқа қатыстылық дәрежесін сот анықтайды,- деді А.Чепурин.