Астанада ұрыларды ұстауға көмектескен қырағы такси жүргізушісіне теледидар тарту етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ұрыларды ұстауға көмектескен қырағы такси жүргізушісіне теледидар тарту етілді

Астанада ұрыларды ұстауға көмектескен қырағы такси жүргізушісіне теледидар тарту етілді

Елорда полицейлері  букмекерлік кеңседен теледидарлар ұрлаған ұрыларды ізін суытпай ұстауға көмектескен такси жүргізушісі

  • 20 Қаңтар 2015
  • 312
Фото - Caravan.kz


Берік Мұқатаевты марапаттады.
Батыл қимылдап,  тапқырлық танытып, азаматтық ұстанымын белсенді көрсеткені үшін Б.Мұқатаевқа теледидар тарту етілді. Бұл уралы бүгін Астана ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Астананың екі тұрғыны букмекерлік кеңседен түсті теледидарлар ұрлап, оны әкету үшін такси тоқтатқан.
Жолаушылардың әрекеті күмәнді такси жүргізушінің күмәнің туғызған, оның айтуынша, әдетте ірі заттарды түнде тасымайды. Оңтайлы сәтті пайдаланып ол «102» желісіне қоңырау шалған. Полиция қызметкерлері жедел жетіп, ұрыларды қолға түсірді.