Жарияланды: 410

Астанада үш күнде жол қозғалысының ережелерін бұзуға қатысты 2 мыңнан астам оқиға тіркелген

Астана. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Астанада үш күнде жол қозғалысының ережелерін бұзуға қатысты 2088 оқиға тіркелген. Бұл туралы Астана қалалық ІІД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Жанат Битенов апта сайынғы брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Астана қалалық ІІД-нің жол полициясы басқармасы тамыздың 8 мен 10 аралығында жол қозғалысының ережелерін өрескел бұзу оқиғаларын анықтау және олардың алдын алуға қатысты рейд пен "Жүргінші" атты профилактикалық шара өткізген", - деді Ж. Битенов. Рейд қорытындысы бойынша жол қозғалысының ережелерін бұзуға қатысты 2088 оқиға, соның ішінде көлікті мас күйінде айдауға қатысты 160, апатты жағдай туғызуға қатысты 2, жылдамдықты асыруға қатысты 143, жолдан қарсы бөлігіне шығып кетуге қатысты 28, бағдаршамның тыйым салған белгісі кезінде қиылыстан өтіп кетуге қатысты 183, көлік жүргізген кезде қауіпсіздік белбеуін тағынбауға қатысты 154, жол полициясы инспекторының талабын орындамауға қатысты 5, жолдың көлік жүретін бөлігін ластауға қатысты 15, жарық аспаптарын орнатуға қатысты 3 оқиға анықталды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть