Астанада үш мыңнан астам студент президентке деген сүйіспеншіліктерін білдіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада үш мыңнан астам студент президентке деген сүйіспеншіліктерін білдіреді

Астанада үш мыңнан астам студент президентке деген сүйіспеншіліктерін білдіреді

Астанада 28 қараша күні Қазақстанның тұңғыш президенті күнін мерекелеу қарсағында үш мыңнан астам студент бір мезетте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өз сүйіспеншіліктерін білдіреді.

  • 27 Қараша 2013
  • 343
Фото - Caravan.kz


Шараны ұйымдастырған Қазақ гуманитарлық-заң университеті таратқан хабарламаға сәйкес, бұл шара университеттің Фемида алаңында өтеді.

Іс-шараға 3000 мыңнан астам жас қыз-жігіттер қатысады.

Хабарламада уөрсетілгендей, шараның негізгі мақсаты — Н.Назарбаевқа еліміздің тәуелсіздігі мен тұрақтылық кепілдігінің айнасы, ту, Елтаңба, Елұранмен қатар мемлекеттіктің символы ретінде құрмет көрсету, сондай-ақ жастарды қазақстандық шынайы патриотизм рухында тәрбиелеу, Елбасы саясатын қолдауда жас ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру болып табылады.