Астанада үш құрылысшы биіктіктен құлап мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада үш құрылысшы биіктіктен құлап мерт болды

Астанада үш құрылысшы биіктіктен құлап мерт болды

Астананың құрылыс алаңында тағы төтенше оқиға! Есілдің сол жағалауында 6 құрылысшы бірнеше метр биіктіктен құлап, үшеуі оқиға орнында жан тапсырды. Қалғандарының өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.

  • 14 Шiлде 2015
  • 298
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға Есілдің сол жағалауында жаңадан салынып жатқан Мұз сарайында болды. Жоғарғы қабаттағы тіреулерді алып жатқан құрылысшылардың аяғы тайып кетсе керек, 20 метр биіктіктен төмен құлдилаған. Ауыр соққыдан 3 жұмысшы оқиға орнында тіл тартпай кетсе, қалған 3-уі ауруханаға жеткізілген. Өлім аузында жатқандарды аман алып қалу үшін қазір дәрігерлер барын салуда. Болжам бойынша, марқұм мен жарақат алғандардың барлығы Косово азаматтары. Жас шамалары 60 пен 32-нің аралығында. Оқыс оқиғадан соң айнала қоршауға алынып, полиция прокуратура мен еңбек инспекторлары жауап алып жатыр.