Әкімнің айтуынша, әңгіме Интернетке сымсыз қосылудың орталықтандырылған желісін құру (Wi-Fi) туралы болып отыр. «Негізінен желі білім беру мекемелерінде, ойын-сауық және сауда орталықтарында монтаждалатын болады. Сөйтіп, қаланың халық көп жиналатын орындарының барлығында дерлік Интернетке қосылуға болады»,- деп атап көрсетті қала басшысы.
Оның мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта Wi-Fi технологиясы бойынша қосылу орындары Астананың халықаралық әуежайында, Еуразиялық ұлттық университетінде және Астананың кейбір сауда орталықтарында жұмыс істеуде. А. Мамин сондай-ақ, Астанада Интернетке жоғары жылдамдықпен сымсыз қосылу желісін ұйымдастыру жобасы жүзеге асырылғандығын еске сала кетті. Ол бір уақытта кабельдік инфрақұрылымынсыз телефон байланысы қызметін көрсету және мәліметтер беру мүмкіндігін береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті