Әккі ұры бірнеше күн ішінде подьездер мен тұрғын үй ауласынан жарты миллион теңгенің 16 велосипедін үптеп кеткен. Кейін оны базарға апарып, екі есе арзан бағасына өткізіп отырыпты. Бұл кәсіпті әбден меңгерген 31 жастағы азамат күн-түн демей, қолына қысқышын ұстап көше кезіп жүреді екен. Бұған дейін құрылыс материалдары мен тұрмыстық техника жымқырғаны үшін 3 жылға шартты түрде сотталыпты. Қазір ұрланған велосипедттердің иелері іздестіріліп жатыр.