Астанада жаңа ірі базар салынбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жаңа ірі базар салынбақ

Астанада жаңа ірі базар салынбақ

Астана. 30-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада жаңа ірі базар салынады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 30 Қараша 2007
  • 378
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өткен дүйсенбі күні Астана әкімі Асқар Мамин шұғыл жиналыс жұмысына қатыса отырып, жаңа базар құрылысы туралы мәселені көтерген. Ол базарда негізгі азық-түлік өнімдерін өндірушідердің бағасымен сатуды ұйымдастыру көзделіп отыр.

Астананың Коммуналдық меншік қорының директоры Василий Петрущакқа ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалдарсыз сататын «Шапағат» коммуналдық базары сияқты жаңа, ірі базардың орналасатын жері туралы ұсыныс енгізу тапсырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті