Астанада "Жаңа заман әдебиеті" сериясымен шыққан жаңа 45 кітаптың тұсаукесері өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада "Жаңа заман әдебиеті" сериясымен шыққан жаңа 45 кітаптың тұсаукесері өтті

Астанада "Жаңа заман әдебиеті" сериясымен шыққан жаңа 45 кітаптың тұсаукесері өтті

Бүгін Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында "Жаңа заман әдебиеті" сериясымен шыққан жаңа 45 кітаптың тұсаукесері өтті.

  • 16 Қараша 2012
  • 710
Фото - Caravan.kz

Оның ішінде тәуелсіздік жылдарында жазылған 25 прозалық және 19 поэзиялық шығармалар бар. Шығарылған кітаптар ішінен Қадірбек Сегізбайұлы, Рахымжан Отарбаев, Әкім Тарази, Нұрғали Ораз, Жүсіпбек Қорғасбек, Гүлнәр Салықбай, Ұлықбек Есдәулет, Мархабат Байғұт, Төлен Әбдік, Несіпбек Дәуітайұлы, Серік Ақсұңқарұлы, Қуандық Түменбай, Нұрлан Мәукен, Рафаэль Ниязбеков, Жолтай Әлмашұлы, Есенқұл Жақыпбек, Несіпбек Айтұлы, Бауыржан Жақып сынды белгілі ақындар мен жазушылардың жаңа туындыларын ерекше атауға болады.

«Әрине бұл бейберекет шығып жатқан дүние емес, белгілі бір мақсатпен жарық көруде. Солардың ішінде айтуға тұрарлық топтама бұл «Жаңа заман әдебиеті». Оның Негізгі мағынасы осы біздің төл әдебиетімізде тәуелсіздік жылдары жарық көрген шығармалардың басын қосу» — деді ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев тұсаукесер рәсімінде.

Оның айтуынша, серияға енген туындылар халықтың рухани-білім және ақыл-ой, мәдениеттілік деңгейінің жоғарылауына, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге жағдай жасайды, мемлекеттік ұстанымды қалыптастырады, ұлттық, этикалық, мәдениеттілік, рухани құндылықтарды, биік өнегелі және патриоттық сезімді қалыптастырады, белсенді азаматтық позицияны тәрбиелейді.

«Меніңше бұл ақылды, кеңінен толғанып, істелген шара деп ойлаймын. Себебі осы кітаптардың барлығы біздің тәуелсіздік алғаннан бергі 20 жылдың көлеміндегі әдебиет қандай деңгейге жетті, мемлекетіміздің тарихында қандай елеулі оқиғалар болды дегенге осы кiтаптар жауап береді», — дейді ақын Несіпбек Айтұлы.

Соңғы жаңалықтар