Астанада жаппай астан ұшынғандарға қатысты жаңа мәлімет шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жаппай астан ұшынғандарға қатысты жаңа мәлімет шықты

Астанада жаппай астан ұшынғандарға қатысты жаңа мәлімет шықты

Астанада астан ұшынғандардың өміріне төнген қауіп сейілді. Бірақ 16 адам кем дегенде әлі екі апта ауруханада ем қабылдауы тиіс. Ал қазір науқастардың беті бері қараған.

  • 3 Сәуiр 2015
  • 269
Фото - Caravan.kz

Гүлраушан Сапарбек, Астана қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері:

-Анализдердің көбісі тексеріліп жатыр. Бірнешеуінікі ғана анықталды.+ -Қазіргі жағдайлары жақсы, келгендегіден. Негізгі алып жатқан емдері этиотроптық, патогенетикалық және симптоматикалық емдер…

Астананың қақ ортасындағы «Старомодный» деген қымбат мейрамханада тамақтанған 27 адам өзін жайсыз сезініп, дәрігердің көмегіне жүгінген еді. Олардың 16-сы қазір жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Барлығына «сальмонеллез» диагнозы қойылған. Ал, Ішкі істер департаменті жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Мейрамханада сол күні дайындалған тағамдардың құрамы жіті тексерілуде. Кінә мейрамхандан болса, асқа жауапты болған қызметкері 2 жылға сотталауы мүмкін.