Астанада жасөспірім намаз кезінде имамның міндетін атқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада  жасөспірім намаз кезінде имамның міндетін атқарды

Астанада жасөспірім намаз кезінде имамның міндетін атқарды

Бүгін күндіз мешітке асыққан астаналықтар бесін намазына ерекше жағдайда жығылды. Өйткені намазды күндегі имам емес, 14 жастағы бала жүргізді. Мұндайды бұрын соңды көрмеген жамағат кішкентай молданың талантына тәнті болды.

  • 30 Маусым 2015
  • 236
Фото - Caravan.kz

«Аллаһу әкбар, Аллаху әкбар».

Жамағатты жаратқанға құлшылық етіп  жатқан Дулат Қалығұлов 8-сыныпты енді бітірді. Тура бір ай бұрын Алматыда құранды жатқа оқудан өткен сайыста бірінші орын алған болатын. Сондықтан  бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде бесін намазын өткізу құрметіне ие болды. 12 жасында құранның 30 парасын жатқа білген ол қасиетті кітаптан 1 жыл бойы көз алмапты. Есейгенде имам болуды мақсат еткен. Сондықтан жазда демалудың орнына Алла үйінде жүр. Әрі түнде тарауық намазын өткізуді мойнына алған. Имамдар да талабы таудай жас қариға сенім білдіріп, болашағына мол үміт артып отыр.

Дулат Қалығұлов, Құран кәрімді жатқа оқу байқауының жеңімпазы:

-Осы  ең үлкен мешітте өткізу менің арманым болды. Осы біздің діни басқарманың мүфтиіне алғысымды айтамын.