Астанада "Жасөспірім" шұғыл алдын алу іс-шарасын өткізген екі күнде тәртіп сақшылары 235 жасөспірімді ұстады - ІІД
Астана. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Астанада "Жасөспірім" шұғыл алдын алу іс-шарасын өткізген екі күнде тәртіп сақшылары 235 жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ІІД-іне сілтеме жасап. |
"Астанада "Жасөспірім" шұғыл алдын алу іс-шарасын өткізген екі күнде тәртіп сақшылары 235 жасөспірімді ұстады, соның ішінде екі бала басқаның мүлкін ұрлағаны үшін, екеуі - бұзақылығы үшін, 54 бала - қоғамдық орындарда спиртті ішімдік ішкені үшін ұсталды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, 57 сауда орнының қожайыны кәмелеттік жасқа жетпегендерге алкогольді және темекі өнімдерін сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктеді.
Іс-шара кезінде сабаққа бармай қалған 6 оқушы анықталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін