Жарияланды: 560

Астанада жастар кәсіпкерлігін несиелеу бағдарламасы жүзеге асырыла бастады

Астанада жастар кәсіпкерлігін несиелеу бағдарламасы жүзеге асырыла бастады

Астанада «Astana-Damu -ZhasStarT» атты жастар кәсіпкерлігін несиелеудің жаңа бағдарламасы жүзеге асырыла басталды,

деп хабарлайды «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан. 

Жобаны жүзеге асыруға «Даму» қорынан (300 млн.теңге) және астаналық әкімдіктен (300 млн.теңге) қаражат бөлінді.
«Бағдарламаға Астана қаласында жобаларын іске асыратын 29 жасқа дейінгі ісін жаңадан бастаған жас кәсіпкерлер қатыса алады. Несиенің ең жоғары мөлшері - 20 млн. теңге. Несиені бар болғаны жылдығы 7% жеңілдетілген мөлшерлемемен алуға болады. Жеңілдетілген мөлшерлемеден басқа, аталған бағдарламаға ісі бойынша салалық шектеусіз жас кәсіпкерлердің жобалары қатыса алады», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта серіктес банктер - Жинақбанкі, АзияКредит Банк және Kassа Nova банкімен несиелік шарттарға қол қоюлар жүргізілуде. 
Толық ақпаратты Астана қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан мына мекен-жай бойынша алуға болады: Қажымұқан көшесі, 8А, 1 қабат немесе серіктес банктердің филиалдарынан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін