Астанада жолақысы 100 теңгеге қымбаттамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жолақысы 100 теңгеге қымбаттамақ

Астанада жолақысы 100 теңгеге қымбаттамақ

Алдағы күндері Астанада жолақысы 100 теңгеге қымбаттамақ. Күтпеген жерден жол жүру билетінің шарықтауы тұрғындарды кәдімгідей абыржытып тастады. Әсіресе, жоқ-жітік шаңырақтар мен қалтасы жұқа студенттерге қиынға соққалы тұр.

  • 9 Мамыр 2014
  • 343
Фото - Caravan.kz


Қазір Астанада жолақысы 60 теңге. Бірақ бұл баға көп ұзамай өзгеруі ғажап емес. Егер жолаушы тасымалдаушы компанияларға әкімдік пен жергілкті мәслихат рұқсат берсе, автобустарда жол жүру билеті бірден 40 теңгеге көтерілмек. Тарифті көтеру туралы 8 автопарктің ұсынысын шенеуніктер де қолдап отыр. Айтуларынша, халық саны көбейген жаңа аудандарға маршрут жіберу қып-қызыл шығын. Одан қалды, қосалқы бөлшектер мен бензин құны қымбаттап барады. Тағы бір сылтау жүргізушілердің жетіспеуі. Осы олқылықтарды жолақысы қымбаттаған жағдайда ғана шешеуге болады екен. Тарифтің қай айдан бастап көтерілетіні әзірше белгісіз.