Астанада жолаушылар автобусындағы кондуктор әйелді соққыға жыққандар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жолаушылар автобусындағы кондуктор әйелді соққыға жыққандар ұсталды

Астанада жолаушылар автобусындағы кондуктор әйелді соққыға жыққандар ұсталды

Елордалық полицейлер жолаушылар автобусының ішіндегі кондукторды ұрып-соққан екі ер адамды ұстады. 

  • 3 Ақпан 2015
  • 404
Фото - Caravan.kz

«Автобусқа алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйінде отырған олар кондукторды балағаттап, одан кейін оны соққыға жыққан. Бұзақыларды жол-патрульдік полиция қызметкерлері ұстады. Жүргізілген шаралар барысында ұсталған 30 және 32 жастағы ер адамдардың Ақмола облысының тумалары болып шыққаны, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды», — деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен. 

Қазіргі кезде олар уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 


Сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.