Қала мекемелері мен қызметтерінің ақпараттарына сүйенсек, сондай-ақ автобустардың шектен тыс толып жүруі, жүргізушілердің көлікті жүргізу деңгейі, сондай-ақ қызметшілердің қызмет көрсетуі сияқты кемшіліктер байқалуда.
Сонымен қатар, Е. Қожағапановтың ақпараттарына сүйенсек, оңға бастаған өзгерістерді де атап өткен жөн. Яғни, автобустардың сыртқы және ішкі келбеттері жақсарып, қосғалыс жиілігі артқан, іс жүзінде барлығында дерлік жүргізушілер мен жолсеріктер бір үлгідегі киіммен жұмыс істеуде, қызмет көрсету мәдениеті айтарлықтай жақсарған.
Астананың әкімі Асқар Мамин өз кезегінде, «Астана әкімшілігінің сайтына жолаушылар көлігі кәсіпорындарының қызмет көрсету сапасына қатысты қала тұрғындарынан келіп түсетін шағымдар мен арыздар саны күрт азайғандығын, тек өткен аптада желіге 21 жаңа автобус шығарылған, және де бұл жұмыс жүйелі негізде жалғасатын болады» атап өтті.
«Жолаушылар тасымалдау орталағы» ЖШС ақпараттарына сүйенсек, бүгінгі күнде жолаушылар тасымалдаумен 13 автокөлік кәсіпорындары айналысады, олардың жұмысшыларының саны 2700 адам.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті