Астанада жолаушылар шағын автобусы өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жолаушылар шағын автобусы өртенді

Астанада жолаушылар шағын автобусы өртенді

Бүгін, 23 шілдеде таңғы сағат 09.28 кезінде Астана қалалық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің «101» пультіне Пушкин көшесі, 9 мекенжайы бойынша

  • 23 Шiлде 2015
  • 351
Фото - Caravan.kz


шағын автобустың өртке оранғаны жайлы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды елордалық ТЖД-інің баспасөз қызметінен. 

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде №109 автобус өртеніп жатты. Жолаушылар өрт сөндірушілер келгенше автобустан шығып үлгерген», делінген хабарламада.
Алғашқы өрт бөлімшесі оқиға орнына 4 минуттан кейін келді. Қазір олар сол жерде жұмыстар жүргізуде.
Жалынды ауыздықтауға 2 техника, жеке құрамнан 9 адам жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.