Астанада жұмысшылары құлап өлген Мұз сарайының құрылысы тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жұмысшылары  құлап өлген Мұз сарайының құрылысы тоқтатылды

Астанада жұмысшылары құлап өлген Мұз сарайының құрылысы тоқтатылды

Қазақ жеріне нәпақа іздеп келген осы шетел азаматтарының қазасына орай Астанадағы Мұз сарайының құрылысы уақытша тоқтап қалды. Онсызда сағызша созылып жатқан даулы ғимарат енді тіптен мерзімінде тапсырылмайтын секілді.

  • 25 Шiлде 2015
  • 531
Фото - Caravan.kz

Қазір жұмысшыларға уақытша демалыс берілген. Еңбек инспекциясы салынып бітпей жатып күллі елге аты шыққан Мұз сарайындағы қайғылы оқиғаға қатысты істі әлі тергеп жатыр. Астаналық «Барыс» хоккей клубының жаңа айдынын Швейцариялық компания салып жатқанын айта кетейік. Енді қауіпсіздік ережелеріне салғырт қараған компанияға кемі 2 млн теңге айыппұл салынбақ. Тек бұл үшін алдымен әкімдік жанын құрылған комиссияның нақты қортындысы қажет. Қайғылы оқиға Есілдің сол жағалауында тура 10 күн бұрын болған. Мұз сарайын салып жатқан 6 құрылысшы 20 метр биіктіктен құлап, үшеуі сол жерде жан тапсырған. Ауыр жараланған тағы екі жұмысшы ауруханада көз жұмды. 6-шысы қазір дәрігерлердің бақылауында. Жұмысшылардың барлығы Косово азаматтары.