Астанада жыл басынан бері 163 қылмыстық іс қозғалды, оның 118-і - есірткі саудасы үшін
Астана. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Астанада жыл басынан бері 163 қылмыстық іс қозғалды, оның 118-і - есірткі саудасы үшін қозғалған. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің есірткі бизнесімен күрес басқармасы бастығының орынбасары |
Нариман Әбілқасенов бүгін дәстүрлі апталық брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Астана аумағында есірткі сататын 37 орын жойылды. 102 килограмнан астам есірткілік заттар, соның ішінде 7 килограмм героин заңсыз айналымнан шығарылды", -деді Н. Әбілқасенов.
Оның айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодексінің 320- бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны артты. "Есірткілік заттарды сақтағаны үшін - 117 адам, соның ішінде кәмелеттік жасқа жетпеген 11 бала жауапкершілікке тартылды", - деді ІІД өкілі.
Н. Әбілқасеновтың айтуынша, 2008 жылдың басынан бері "Рубеж" өткізу бекеттерінде Елордасына есірткі алып өтуге қатысты 54 дерек анықталған.
"7 адам қылмыстық, 47 адам - әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 18 килограмнан астам есірткілік заттар, соның ішінде 100 грамм героин заңсыз айналымнан шығарылды", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін