Жарияланды: 380

Астанада жыл басынан бері тұрғындар 500 қару-жарақ пен 15 мың оқ-дәрі өткізді - ІІД

Астана. 9 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Астанада жыл басынан бері тұрғындар 500 қару-жарақ пен 15 мың оқ-дәріні өз еріктерімен өткізді. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Батырлан Есенбай баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның айтуынша, Астанада "тек кеше ғана 300-ден астам қару иесі тексеріліп, 22 заң бұзушылықтың беті ашылып, соларға сәйкес әкімшілік хаттама жасалып, Елордасы азаматтарының қолында заңсыз сақталып келген 10 қару тәркіленді. Оның ішінде 3 тегіс оқпанды қару, 3 жарақаттағыш қару мен 4 газды қару бар". Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін