Астанада жылу энергиясын есептеу тарифтері өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жылу энергиясын есептеу тарифтері өзгерді

Астанада жылу энергиясын есептеу тарифтері өзгерді

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап тұтынушыларды топтарға бөліп, жылу энергиясын есептейтін құралдың бар-жоғына байланысты

2 299,00 теңге/Гкал (ҚҚС қоспағанда) мөлшерінде жылу энергиясымен қамту тарифі іске қос

  • 2 Шiлде 2015
  • 427
Фото - Caravan.kz


2 299,00 теңге/Гкал (ҚҚС қоспағанда) мөлшерінде жылу энергиясымен қамту тарифі іске қосылады, деп хабарлайды astana.kz

«Астанаэнергосбыт» АҚ ресми сайтының хабарлауынша, тұрғындар үшін жылу энергиясымен қамтудың орташа тарифі — 2 082,58 теңге/Гкал (ҚҚС қоспағанда) құрайды. 
Сонымен, тұрғындар үшін жылу энергиясымен қамтудың дифференцияланған тарифтері былайша жіктелді:
— Жылу энергиясын есептеу құралдары бар болса — 2 071,97 теңге/Гкал (ҚҚС қоспағанда);
— Жылу энергиясын есептеу құралдары жоқ болған жағдайда — 2 499,10 теңге/Гкал (ҚҚС қоспағанда);
— Жылу энергиясын есептеу құралдарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ ескі, апатты жағдайдағы тұрғын үйлерде, барак типтес үйлерде тұратындар үшін — 2 082,58 теңге/Гкал (ҚҚС қоспағанда).
Ал басқа тұтынушылар үшін жылу энергиясымен қамтудың орташа тарифі — 2 582,40 Теңге/Гкал (ҚҚС қоспағанда) құрайды.
Басқа да тұтынушылар үшін жылу энергиясымен қамтудың дифференцияланған тарифтері жылу энергиясын есептеу құралдары бар болса — 2 531,19 теңге/Гкал (ҚҚС қоспағанда); жылу энергиясын есептеу құралдары жоқ болған жағдайда — 3 873,59 теңге/Гкал (ҚҚС қоспағанда); жылу энергиясын есептеу құралдарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ ескі, апатты жағдайдағы тұрғын үйлерде, барақ типтес үйлерде тұратындар үшін — 2 582,40 теңге/Гкал (ҚҚС қоспағанда) құрады.