Астанадағы әскери шеруден қайтар жолда апатқа ұшырап жараланған сарбаздардың саны артты - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы әскери шеруден қайтар жолда апатқа ұшырап жараланған сарбаздардың  саны артты

Астанадағы әскери шеруден қайтар жолда апатқа ұшырап жараланған сарбаздардың саны артты

Жансақтау бөліміне тағы 3 жауынгер түскен. Әзірге тек біреуі ғана тілге келіпті. Ал жаралы сарбаздары туралы ресми ақпараттарды Төтенше жағдайлар министрлігі әлі жасырып әлек болуда. «Жарасы жеңіл» деп бөлімшелеріне жіберілген 15 әскеридің де жағдайы беймәлім.

  • 16 Мамыр 2014
  • 309
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты 28/237 әскери бөлімінің апатта ауыр жараланған алты жауынгерін айтқанбыз. Сөйтсек тағы 3-уі ың-шыңсыз №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліпті. Жаралылар осылайша Алматының әр қапталындағы ауруханаларға бөліп жатқызылған. Естерін енді жыюда. Астанадан 7 мамыр күні кеште шығып 8-і тал түсте жол апатына ұшыраған колоннада жапа шеккен 24 жауынгер алдымен Балқаш қаласына жеткізіліпті. Жараларын таңған соң тікұшақпен Алматыға әкелінген.

Елдар Құрмаев, №7 қалалық аурухананың бөлім меңгерушісі:

-Сарбаздардың бас сүйектері жарылып, іш құрылыстары қатты зақымданған. Барлығының жағдайы ауыр болатын. Қазір естерін жиды.

Әзірге жансақтау бөліміне түскен9-дың тек біреуі аяққа тұрыпты. Дегенмен 19 жастағы Айдар Хайдаров мұнда әлі біраз емделмек. 2013 жылдың көктемінде әскерге шақырылған Астана қаласының тумасының бір жетіден соң Отан алдындағы борышын өтейтін мерзімі толық аяқталады. Жас сарбаз апат уағында ұйықтап жатқан, сол себепті есінде ештеңе қалмапты.

Айдар Хайдаров, ҚР ТЖМ 28/237 әскери бөлімінің сарбазы:


-Келе жатқан ұйықтап қалдым жолдасыммен бірге. Ортасында отырғанбыз. Бір уақытта соққы болды. Түсінбей қалдым. Басымды ұрып алдым. Әйтеуір жан жаққа қарадым да есімнен танып қалдым.

Балқаш қаласы маңында болғанапатта ауыр жараланғандардың бірі сержант Талғат Уәлиев. Астанадан Алматыға қарай жалпы 9 әскери көлік шығыпты. Қарсы бағытпен жүрген МАЗ жүк көлігі дәл осы Талғат отырған Камазға кеп бетпе бет соғылған.

Талғат Уәлиев, ҚР ТЖМ 28/237 әскери бөлімінің сержанты:

-Біздің жылдамдығымыз ең көбейгенде 60-пен жүреді. Бірінші Нивамыз өтіп кетті. Анау вқарсы беттен шығады. Ол неге шыққанын қалай шыққанын білмеймін. Бір есімді жисам Балқашта жан сақтау бөліміндемін. Одан кейін тікұшақпен осында алып келді.

-24 жауынгерді айдың күннің аманында мерт қыла жаздаған тас жолдағы апатты жұрт тек арада бақандай 5 тәулік өткенде білді. Онда да әскери бөлімде жарақаты жазылмай жаны қиналған сарбаз қоңырау соққан болатын. Содан бері Ұзынағаштағы әскери бөлім де, олар қарайтын Төтенше жағдайлар министрлігі де жұмған аузын ашпай отыр.