Астанадағы балабақшада педагогтың бірінен туберкулездің ашық түрі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы балабақшада педагогтың бірінен туберкулездің ашық түрі анықталды

Астанадағы балабақшада педагогтың бірінен туберкулездің ашық түрі анықталды

Білім беру басқармалары мектепке дейінгі ұйымдарда педагог кадрларға талаптарды күшейтуі керек.

  • 31 Қаңтар 2014
  • 668
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

«Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялауды тоқтатудың салдарынан балабақшалардағы сапаның төмендеуімен қатар, балалардың денсаулығына байланысты тәукелдерді тудырды. Мәселен, өткен жылы Ақтөбе облысының жекеменшік 18  балабақшасында және Алматы қаласының 16 балабақшасында  санитарлық ережелерді өрескел бұзу фактілері анықталды. Ал Астанадағы балабақшалардың бірінде бір педагогтан туберкулездің ашық түрі анықталды», — деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, білім беру басқармалары мектепке дейінгі ұйымдарда педагог кадрларға талаптарды күшейтуі тиіс.