Жарияланды: 390

Астанадағы барлық проблемалы нысандар 2009 жылдың ортасына дейін салынып бітеді - әкім

Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Астанадағы барлық проблемалы нысандар 2009 жылдың ортасына дейін салынып бітеді. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен кеңесте Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінгі жағдаймен барлық проблемалы нысандар бойынша тұрғын-үй -құрылыс кооперативтері құрылған. "Біз енді белгілі бір заңдық процедуралардан өтуге тиіспіз. Соның ішінде біз сот процедурасынан өтіп, үлескерлердің нысандарға қатысты құқықтарын заңдастырып алуымыз қажет. Кейін үлескерлерге де, бюджет қаржысының игерілуіне де сұрақ тумауы үшін қажет бұл. Мемлекет бөлген қаржы әкімдіктің есепшотында жатыр. Біз барлық заңдық мәселелер айқындала сала құрылыс жұмыстарына кірісуге дайынбыз", -деді әкім. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть