Астанадағы кәсіпорын басшыларының басым бөлігі - ер адамдар - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы кәсіпорын басшыларының басым бөлігі - ер адамдар

Астанадағы кәсіпорын басшыларының басым бөлігі - ер адамдар

Үстіміздегі жылдың қараша айында тіркелген заңды тұлғалар басшыларының 333-і - ерлер, 169-ы - әйелдер.

  • 9 Желтоқсан 2013
  • 217
Фото - Caravan.kz


 Бұл туралы astana.kz сайтына Статистика департаментінен хабарлады.

 Үстіміздегі жылдың қараша айында барлығы 502 кәсіпорын мен ұйым тіркелді, 27-сі жойылды. Жаңадан тіркелген субъектілердің басым бөлігі Алматы (51,4%) және Сарыарқа (32,1%) аудандарында шоғырланған. Есіл ауданының үлес салмағы 16,5% құрайды. Жаңа заңды тұлғалардың 490-ны жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде тіркелген. Сондай-ақ, тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың алтауы — қоғамдық бірлестік пен қор , үшеуі — тұтыну кооперативі, екеуі — акционерлік қоғам, біреуі — мекеме.