Жарияланды: 690

Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталығында штрих-код тағайындау жүйесі іске қосылды

Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталығында жаңа ақпарттық жүйе шеңберінде штрих-код тағайындау жүйесі іске қосылды. Бүгін Әділет министрлігінде оның тұсауы кесілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Тұсаукесер рәсімінің барысында ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және халыққа құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары Темірболат Қожамжаровтың хабарлағанындай, "жаңа IT-жоба Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жетілдіре түсуге бағытталған. Штрих-код тағайындау жүйесі көрсетілетін қызметтің мерзімі мен сапасын шұғыл қадағалап отыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді". Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть