Астанадағы негізгі азық-түліктің бағасы тұрақтанды, қоймаларда бір апталық қор сақталуда - қала әкімі - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы негізгі  азық-түліктің бағасы тұрақтанды, қоймаларда бір апталық қор сақталуда  -  қала әкімі

Астанадағы негізгі азық-түліктің бағасы тұрақтанды, қоймаларда бір апталық қор сақталуда - қала әкімі

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгінгі" - Қала тұрғындарының күнделікті тұтынатын азық-түліктері дүкендер, сауда орындары мен қоймаларға сұранысты толық қамтамасыз ететіндей жеткілікті мөлшерде жеткізілді. Бұл жайлы қала әкімнің орынбасары Ерлан Қожағапанов қаладағы мекемелер мен қызмет басшыларының қатысуымен өткен шұғыл жиын барысында хабарлады.

  • 22 Қазан 2007
  • 496
Фото - Caravan.kz

Е.Қожағапановтың айтуынша, 21 қазандағы жағдаймен күнделікті тұтынатын мөлшер 29 тонна болып табылатын қоймадағы қант мөлшері 120 тоннаны, ал күнделікті тұтынатын мөлшер 11 тонна болатын өсімдік майы 90 тоннаны, күнделікті тұтынылатын мөлшері 3 тонна болатын тұздың 78 тоннасы бар.

Қала әкімі Асқар Мамин тұз, өсімдік майы және қанттың бағасы тұрақтанғанын, аталған өнімдердің бір аптаға жететіндей мөлшерде қоры бар екенін жеткізді.

«Кеше, жұма және сенбі күндері барлық баға тұрақтанды, алаңдаушылыққа ешбір негіз жоқ»,- деп сөзін аяқтады А.Мамин.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті