Астанадағы құрылыс қарқыны бәсеңдемейді - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы құрылыс қарқыны бәсеңдемейді - ҚР президенті

Астанадағы құрылыс қарқыны бәсеңдемейді - ҚР президенті

Астана. 12-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанадағы құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Бұл туралы Н. Назарбаев бүгін "Қазақстан -2030": алғашқы онжылдық қорытындысы және келешек" атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 12 Қазан 2007
  • 541
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде қалада 650 құрылыс алаңы жұмыс істеуде»,- деп атап өтті президент. «Және де бұл құрылыстар бір минутқа да тоқтамайды»,- деп атап көрсетті ол.

Жалпы, оның айтуынша, «алдағы бірнеше жылда 10 млн шаршы метр тұрғын үй мен кеңселік ғимарат салынады».

Ол сонымен қатар, «Астана құрылыс индустриясын дамытумен қатар жаңа экономикалық кластерлерді, қонақ үй бизнесін, қызмет көрсету және туризм саласын дамыту мүмкіндігін береді», деп атап көрсетті.

«Қазақстанның Елордасы — Астана — бұрынғы Кеңестік кеңістіктегі ең дамыған қала және елеміздің мақтанышы болып табылады»,- деп атап көрсетті Н. Назарбаев. Оның ақпараттарына сүйенсек, Астананың халқы соңғы 8 жылда үш есеге өсіп, бүгінде 700 мың адамды құрап отыр. Президент Елордасын көшіргеннен кейін Астана аумағы 2,5 есеге өскендігін атап өтті. Негізгі капиталға 1,5 трлн теңгеге жуық инвестиция салынған. 4,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті