Астанадағы сауда орындарының 40 пайызы санитарлық талаптарға сай емес - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы сауда орындарының 40 пайызы санитарлық талаптарға сай емес

Астанадағы сауда орындарының 40 пайызы санитарлық талаптарға сай емес

Астана қаласындағы сауда орындарының жартысына жуығы санитарлық талаптарды бұзып отыр, - деп хабарлайды http://24.kz/.

  • 12 Тамыз 2015
  • 499
Фото - Caravan.kz

Сауда нысандарының 40%-ында ғимарат ішіндегі санитарлық жағдай мәз емес. Сондай-ақ азық-түліктің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Ал елордада 2,5 мыңнан астам сауда-саттықпен айналысатын дүкен бар. Бұл құзырлы органдардың азаматтардың арыз-шағымдарының негізінде, жоспардан тыс жүргізген тексерістерінің нәтижесі. «Забава», «Бауырсақов», «Грин» секілді ірі сауда желілері бірнеше рет заңбұзушылақтарға барған.

Нұрлыбек Асылбеков, қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы:


— «Грин» сауда орталығына біз осымен төртінші рет айыппұл салып отырмыз. Бұл сома 1 млн теңгеге жуық. 240 мыңнан төрт рет салып отырмыз. Соның өзінде де осы талаптарды орындай алмай отыр. Сондықтан біз одан сайын қатты талаптар қолданамыз. Ал егер заңбұзушылық жөнделмесе, онда біз тиісті материалды сотқа өткізіп, сот одан да үлкен айыппұл салып, оның жұмысын уақытша тоқтатуға құқылы.