Жарияланды: 740

Астанадағы травматология және ортопедия ҒЗИ-інде құны Т2,7 млрд жаңа операциялық корпус ашылды

Астанадағы травматология және ортопедия ҒЗИ-інде құны Т2,7 млрд жаңа операциялық корпус ашылды, деп хабарлайды Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында бүгін Астанада ҚР денсаулық сақтау министрлігінің травматология және ортопедия ҒЗИ-інде жаңа 4 қабатты операциялық корпус ашылды», - делінген баспасөз қызметінің жұма күні таратқан ақпаратында. Министрліктің мәліметтеріне сәйкес, операциялық корпустың жалпы аумағы 8 726 ш.м, жобаның құны - Т2,682 млрд. Жаңа операциялық корпустың ғимаратына қабылдау-диагностика, операциялық, анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия, орталық стерилизациялық бөлім мен кір жуатын бөлімдер кіреді. «12 орындық анестезиология мен жансақтау бөлімі заманауи наркоз-тыныс алу аппаратурасымен, кез-келген күрделі анестезиологиялық әдістемелер жасауға арналған мониторлармен жабдықталған», - делінген баспасөз мәлімдемесінде. Операциялық блокта 9 зал бар, ол да микрохирургиялық техникамен, ірі буындарға, омыртқаға операция жасауға арналған эндоскопиялық жабдықтармен жабдықталған. Статистикаға сәйкес, жылда республикада 600 мың адам түрлі жарақат алады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін