Астанадан күніне 800 тоннаға жуық қоқыс шығарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадан күніне 800 тоннаға жуық қоқыс шығарылады

Астанадан күніне 800 тоннаға жуық қоқыс шығарылады

Астанадағы қоқыс өңдейтін кешенде ашылған күннен бүгінге дейін 200 000 тоннадан артық қатты қалдық сұрыпталып, қайта өңдеуден өтті, деп хабарлайды аsтана.kz.

  • 11 Ақпан 2014
  • 344
Фото - Caravan.kz

— Жалпы, қала бойынша күніне 800 тоннаға жуық қоқыс шығарылады. Ал, зауытты толық өндіріске шығару үшін 3 жылдай уақыт керек. Алғашқыда өндіріске шығу үшін аз-кем кедергілер болды. Дегенмен, қаладан келетін барлық қоқысты сұрыптап, өңдеп жатырмыз. Қоқыс алдын-ала сұрыпталмағандықтан арасында ірі қалдықтар да кездеседі. Әйтсе де, барлығын өңдеп, полигонға кететін қоқысты үш есе жеңілдетуге күш салудамыз ,- деді «Алтын ТЕТ» ЖШС бас директоры Егор Зингер.

Оның айтуынша, сұрыпталған қалдықтардан қағаз, экомақта, пластмасса, полиэтилен, пластика, қара және түсті металл шығарылады. Қазір тұрғындар арасында қоқыс тастау әдебін қалыптастыру да қарастырылуда.

«Мамандар 2015 жылға қарай зауытқа биогаздалған қондырғы орнатуды  жоспарлап отыр. Сол уақытта полигонға қоқыстың 30 пайызын ғана жеткізіліп, қалғаны қайта өңделіп шығарылмақ. Елорда қажеттілігін толық өтеп отырған кешен осылайша «Жасыл экономикаға» көшудің озық үлгісін көрсетуге дайындық үстінде» делінген хабарламада.