Астанаға Өзбекстан мен Пәкістан президентері келді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанаға Өзбекстан мен Пәкістан президентері келді

Астанаға Өзбекстан мен Пәкістан президентері келді

Елордада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысу үшін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев пен Пәкістан Президенті Мамнун Хус

  • 8 Маусым 2017
  • 291
Фото - Caravan.kz

Елордада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысу үшін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев пен Пәкістан Президенті Мамнун Хусейн келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бұған дейін аталған халықаралық жиынға қатысу үшін Астанаға Ауғанстан Президенті Ашраф Гани Ахмадзай, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің келгенін хабарлаған болатынбыз.

Айта кетерлігі, ШЫҰ саммиті барысында Пәкістан мен Үндістан аталған ұйымға мүшелікке қабылданады деп күтілуде. Осылайша, ШЫҰ жер тұрғындарының 40 пайызын, әлем экономикасының шамамен үштен бірін қамтитын болады. Бүгінде ұйымға Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері мүше. Қазіргі уақытта ШЫҰ төрағасы — Қазақстан. Ертеңгі саммит барысында төрағалық Қытай тарапына өтеді.


 

Соңғы жаңалықтар