Жарияланды: 570

Астанаға Румыния сыртқы істер министрі Лазэр Комэнеску жұмыс сапармен келеді

Астана. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанаға Румыния Сыртқы істер министрі Лазэр Комэнеску жұмыс сапармен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Қарашаның 18-19-ы аралығында өтетін сапар барысында ол Қазақстан басшылығымен кездесулер өткізеді. Оның барысында екіжақты өзара қарым-қатынастың кең ауқымды мәселелері, оның ішінде 2009 жылы Румыния президенті Троян Басескудің Қазақстанға ресми сапарын ұйымдастыру жайы талқыланатын болады", деді бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев. Оның айтуынша, румыниялық дипломаттың осы сапары аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп жоспарланып отыр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін