Жарияланды: 730

Астана-Көкшетау тас жолында ірі жол апаты болып, 1 адам қаза тапты

Астана-Көкшетау тас жолында жантүршігерлік көлік апаты болды. Елордадағы «Көгалдандыру құрылыс» мекемесінің 8 жұмысшысы мінген шағын автобус мерседес көлігімен соқтығысып, бір адам оқиға орнында көз жұмды. Тек жүргізуші ғана дін-аман.

Абайхан Ханболды, шағын автобус жүргізушісі:

- Таңғы сағат 5-те ауылдан шыққанбыз жұмысшыларды алып зеленстройда істейміз. Келе жатқанмын ортаңғы жолмен. Артымнан келіп мерседес соқты. Машина ірк ете түсті. Есімді жиып қарасам, машина аударылып жатыр. Ішіндегі адамдар айқайлап жатыр.

Соққының қатты болғаны соншалық, шағын автобус қирап қалған. Ал айналаның бәрі қан. Қаза тапқан келіншектің артында үш баласы жетім қалды. Күйеуі жоқ екен. Жүргізушінің айтуынша, жедел жәрдем хабар айтылғанан кейін бір жарым сағаттан соң келіпті. Қалған жұмысшылар ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Ал автобусты соққан мерседес жүргізушісі көлігінің нөмерін шешіп алып, оқиға орнынан кетіп қалған көрінеді. Қазір апат болған жерде полицейлер жұмыс істеп жатыр.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін