Астана-Көкшетау тас жолында жантүршігерлік көлік апаты болды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана-Көкшетау тас жолында жантүршігерлік көлік апаты болды

Астана-Көкшетау тас жолында жантүршігерлік көлік апаты болды

Астана-Көкшетау тас жолында бүгін жантүршігерлік көлік апаты болды.

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 456
Фото - Caravan.kz

Елордадағы «Көгалдандыру құрылыс» мекемесінің 8 жұмысшысы мінген шағын автобус мерседес көлігімен соқтығысып, бір адам оқиға орнында көз жұмды. Тек жүргізуші ғана дін-аман.

— Таңғы сағат 5-те ауылдан шыққанбыз, жұмысшыларды алып «Зеленстройда" істейміз. Келе жатқанмын ортаңғы жолмен. Артымнан келіп «Мерседес» соқты. Машина ірк ете түсті. Есімді жиып қарасам, машина аударылып жатыр. Ішіндегі адамдар айқайлап жатыр, дейді шағын автобус жүргізушісі Абайхан Ханболды.

Соққының қатты болғаны соншалық, шағын автобус қирап қалған. Ал айналаның бәрі қан. Қаза тапқан келіншектің артында үш баласы жетім қалды. Күйеуі жоқ екен. Жүргізушінің айтуынша, жедел жәрдем хабар айтылғаннан кейін бір жарым сағаттан соң келіпті. Қалған жұмысшылар ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Ал автобусты соққан «Мерседес" жүргізушісі көлігінің нөмерін шешіп алып, оқиға орнынан кетіп қалған көрінеді. Қазір апат болған жерде полицейлер жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады ktk.kz/kz.


Соңғы жаңалықтар