25 жастағы әйел жаңа туған ұлын «Тойота Камри» көлігіне айырбастамақ болған. Бұл туралы бүгін қалалық ішкі істер департаментінің хабарламасында мәлімделген.
"29 қаңтар күні көлікке бас сенімхатты нотариалдық рәсімдеп, нәрестені айырбас ретінде бергеннен кейін ерлі-зайыптылар ұсталды», — делінген хабарламада.
Бала ауруханаға орналастырылды, оның ата-анасы уақытша қамауға алынды.
Полиция мәліметіне сәйкес, әйел жұмыссыз, күйеуі қалалық кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейті екен.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.