Астаналық мамандар темекіден бас тартуға көмектеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық мамандар темекіден бас тартуға көмектеседі

Астаналық мамандар темекіден бас тартуға көмектеседі

Дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне орай Астанада бір ай бойы салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады,

  • 26 Мамыр 2015
  • 292
Фото - Caravan.kz

деп жазады қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 1-31 мамыр аралығында қалалық емханаларда Ашық есік күндері, семинар-тренингтер өткізіледі. Онда нарколог, әлеуметтік қызметкер, психологтар тегін кеңес береді.

Темекіні тұтыну денсаулыққа оразан сор зиян тигізеді. Жыл сайын әлемде темекінің кесірінен 5 миллиондай адам ажал құшады. Әр 6 секунд сайын темекіден шамамен бір адам қаза табады.

Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні 1988 жылдан бері 31 мамырда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымымен аталып келеді.