Жарияланды: 470

Астаналық оқушылар Елбасына сыйлық әзірлеуде

Астаналық оқушылар Елбасына сыйлық әзірлеуде

Астана қалалық Білім беру басқармасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралар аясында ерекші байқау жариялады.

Балабақшалардан бастап елордадағы барлық білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері қараша айы бойы өздерінің «Президентке тілегін» ойлап тауып, оны өз қолдарымен жасап шығаратын болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шығармашылық байқау дарынды балаларды анықтауға мүмкіндік береді, ең бастысы, оның қатысушыларына мерекелік көңіл-күй сыйлайды. «Президентке тілекті» әзірлеуге 2 түрлі жас санатындағы балалар шақырылды - төменгі топ 5-13 жас аралығы, жоғары топ - 14-17 жас аралығы. 15 қарашаға дейін іріктеу кезеңі өтеді. Байқаудың нәтижесін шығару салтанаты 20 қараша күні өтетін болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін