Астаналық оқушылар мемлекет басшысының арнайы сабағына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық оқушылар мемлекет басшысының арнайы сабағына қатысты

Астаналық оқушылар мемлекет басшысының арнайы сабағына қатысты

Елбасының кеңесі! Бүгін астаналық бір топ жас өрен мемлекет басшысының ақыл-кеңесін тыңдап, патриоттық тақырыптағы арнайы сабағына қатысты.

  • 4 Қыркүйек 2013
  • 278
Фото - Caravan.kz


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Өз тарихыңды білмесең, ешқандай Отанды сүю деген мүмкін емес. Отанды сүю деген әншейін әңгіме емес. Оны еңбегіңмен, іспен дәлелдеу керек.

Елордадағы №64-ші мектеп-лицейге кілең 11-ші  сыныптың оқушылары жиналыпты. Кездесуге сақадай сай дайындалып келген олар елбасымен бірге  патриоттық тақырыпта әңгіме қозғады, ал мемлекет басшысы өз кезегінде  оқушыларды әлеуметтік желілерде көп отырмауға шақырды. Нағыз досты ғаламтор арқылы іздеудің қажеттілігі жоқ екенін ұғындырды. Компьютерге байланған баланың түбінде жалғыз қалатынын да айтты. Емен жарқын әңгімеден кейін оқушылар президентпен суретке түсіп, ал ұстаздар қауымы мемлекет басшысының қолынан сыйлық алып тарқасты.