Астаналық оқушылар жаңа оқу жылына формасыз баруы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық оқушылар жаңа оқу жылына формасыз баруы мүмкін

Астаналық оқушылар жаңа оқу жылына формасыз баруы мүмкін

Астаналық оқушылар биыл жаңа оқу жылына формасыз баруы мүмкін. Ата-аналар мектеп басшылығы айтқан киім үлгісін таппай, бірнеше айдан бері дүкен есігін күзетіп жүр.

  • 23 Тамыз 2013
  • 324
Фото - Caravan.kz


Бұл мекеме баспатқыда Елордадағы бес мектептен тапсырыс қабылдаған. Көтере алмайтын шоқпарды белге байлаған шағын компания мыңдаған баланы бастан аяқ киіндіре алмайтынын енді түсініпті. Ал, ата-аналар айлар бойы дәл осы дүкенді жағалап, жіпсіз байланып отыр. Өйткені, бас қаламыздағы мектептерде оқушы киіміне қатысты жаңа тәртіп орнаған. Биылғы маусымнан бастап әр мектептің өз формасы болады. Ал, шаһардағы бес оқу ордасының оқушыларына киімді дәл осы мекеме тігуі тиіс екен. 1-ші қыркүйекке санаулы күндер қалғанда фабрика жұмысын тоқтатыпты. Енді мекеме басышлары керекті киім-кешектеріңді басқа сауда орындарынан іздеп, тауып алыңдар деп қарап отыр.