Астаналық полиция қызметкерлері велосипед ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық полиция қызметкерлері велосипед ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады

Астаналық полиция қызметкерлері велосипед ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады

Астаналық полиция қызметкерлері велосипед ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы елордалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Шiлде 2015
  • 457
Фото - Caravan.kz

Алматы аудандық ІІБ-на велосипед ұрлығы бойынша азаматтардан бірнеше арыз келіп түсті. Жедел-іздестіру шараларын барысында 31 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Бұрын-сонды ол осындай қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жазаға тартылған болатын. Ұрлықты көбінесе көп қабатты үйлердің ауласынан, дүкен маңынан жасаған. Ұрланған мүлікті кездейсоқ адамдарға немесе базарларда сатқан.

Солайша, ол 16-дан астам велосипед ұрлаған болып шықты. Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша қамау изоляторына қамауға алынды.


Сонымен қатар, ұсталғанның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.