Астаналық тұрғын автобуста адам көп болған сәтті пайдаланып, қыздардың әуретті жерлерін ұстаған (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық тұрғын автобуста адам көп болған сәтті пайдаланып, қыздардың әуретті жерлерін ұстаған (ВИДЕО)

Астаналық тұрғын автобуста адам көп болған сәтті пайдаланып, қыздардың әуретті жерлерін ұстаған (ВИДЕО)

Астаналық бойжеткен тағы бір сұмдық жайтпен бөлісті.

  • 9 Наурыз 2023
  • 27
Фото - Caravan.kz

Ол елордалық автобустардың бірінде ер адам, қоғамдық көлік ішінде адам көп болған сәтті пайдаланып, ұятты жерлерін ұстағанын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Бойжеткеннің сөзінше, ол осы жағдаймен бөлісіп, аталған ер адамды ұстап, жазаға тартуды сұраған. Сонымен бірге ол желіге ер-азаматтың суретін де жүктеп қойған.

Бір қызығы осы видеоға қатысты пікір жазғандар арасында ер адамды танып, дәл осындай оқиға өз бастарынан өткенін жазған қыздар да болған. Олар:

«Қателеспесем осы адам болу керек, түрі келіп тұр. Тура солай маған да істеген» деп жазған ол.

Желі қолданушылары күдіктіні ұстап, қатаң жазаға тартуын талап еткен.

«Боқтыққа айыппұл салдырғанша, осындайларды неге қатаң жазаламайды екен?», «Ұят болған екен, дап-дардай жігіт, қалай осындайлар түк болмағандай жер басып жүреді екен?», «Ұстап алып, жазасын берсе ғой бұлардың» деп жазды олар.

Соңғы жаңалықтар