Астаналықтар шенеуніктердің қызметтік көлікті пайдалануын бақылай алады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналықтар шенеуніктердің қызметтік көлікті пайдалануын бақылай алады

Астаналықтар шенеуніктердің қызметтік көлікті пайдалануын бақылай алады

Астанада арнайы жапсырмалардың көмегімен шенеуніктердің қозғалысын бақылауға болады, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

  • 5 Қазан 2017
  • 153
Фото - Caravan.kz

Егер қалалықтар ерекше жапсырмасы бар автокөлікті ресторанның маңынан байқап қалатын болса, оның бейнекамераға түсіріп, WhatsApp желісіне жіберуге болады. Мұндай хабарламалар үшін көзі қырағы қалалықтар 500-1000 теңге аралығында өз телефондарына бірлік алу мүмкіндігіне ие болады. Ерекше жапсырма 30 автокөлікке жапсырылды.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің автокөлігі мұндай "ерекшелік белгісін" иеленген жоқ, қала басшысы – жол жүріп кеткен екен. 

 Оның айтуынша, әкімдік бұл акцияның қолдап отыр. 

"Нақты жұмыс уақыты бар, ол барлық мемлекеттік органдарда бірдей — 9:00-18:30 аралығы. Оған қосып, алатын уақыт жүргізушінің көлікті гаражға қою, өзінің басшысына бару т.б. бір-бір жарым сағат қосамыз. Егер сағат кешкі 20:00 кейін көлік қалада болатын болса, қай жерде болмасын, қызметтік көлікті қызметтік емес мақсатта пайдалану мүмкіндігі ықтимал болады", — деді ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі департаментінің директоры Қуаныш Жапақов.

Бастамашылар дәл осындай жапсырмаларды министрліктердің көліктеріне жапсыруды көздеп отыр. 


 

Соңғы жаңалықтар